Ресей. 25 мамыр. 7kun.kz – Британдық сән үйі Marks & Spencer (M&S) Ресей нарығынан кетеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
"M&S – бұл өмір құндылықтарына негізделген бизнес. Сондықтан Украинаға басып кіруге байланысты біз 3 наурызда Ресейге тауар жеткізуді тоқтаттық. Содан кейін ресейлік франшизамыздан толық шығу туралы шешім қабылдадық және Ресейден шыққаннан соң 31 миллион фут стерлинг шығынға ұшыардық. Өкінішке орай, біздің украиндық бизнесіміз соғысқа байланысты ішінара жабылды және біз серіктестермен мүмкіндігінше жұмысты қалпына келтіруге тырысып жатырмыз», – делінген компанияның мәлімдемесінде.
Ресей мен Украинада M&S франчайзингтік серіктес арқылы жұмыс істейді. 2021/22 қаржы жылындағы екі елдегі бөлшек сауда 102,5 млн фунт стерлинг және түзету алдындағы салымы £5,2 млн болды.