Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Марста шөппен қоректенетін динозаврдың қаңқасы табылды

Марста шөппен қоректенетін динозаврдың қаңқасы табылды

Виртуалды  археологтар Curiosity марс кемесінің түсірген суреттерінің ішінен жаңа ерекше объектіні байқап қалды. Осыған дейін NASA агенттігі жария еткен бұл суретті зерттеушілер динозаврдың қаңқасы болуы мүмкін деп отыр.

Суреттің сол жақ төменгі бұрышында құмға көмілген жақ пен үлкен танау анық көрініп тұр. Суреттегі объектінің тас емес, қаңқа екендігінің бір дәлелі - тістер. Түсі мен фактурасы жағынан қаңқаға қарағанда біраз айырмашылықтары бар. Тістің қалыбы мен көлемін зерттей келе, энтузиастар бұл жануардың шөпқоректілер тұқымына жатқан деген тұжырымға келіп отыр.

Сыншылар болса, марс кемесі тасты суретке түсіріп алды деген пікірді ұстануда. Ал, тістер саңылауға кіріп кеткен кішкене тастар деп отыр.

Ақпарат көзі: Тенгриньюс.кз

Похожие материалы