Кеше Marvel компаниясының экс-президенті, жазушы, Marvel комикстерінің авторы Стэн Ли 96 жасында қайтыс болды. Өрмекші адам, Халк, Темір адам, Тор сияқты кинодағы үздік қаһармандардың авторы өз фильмдерінде эпизодтық рөлдерді өзі сомдаған.
Стэн Ли әлемдегі теңдесі жоқ компанияны қалай құрды? Брендтің пайда болуы және даму үдерісінде қандай қызықтар болды? 7kun.kz "Брендтер тарихы" айдарында бүгін осы туралы ақпарат береді.
Marvel сөзі ағылшын тілінен аударғанда "ғажап" деген мағына береді. Marvel Comics − америкалық комикс шығаратын компания. Ол "Marvel Entertainment" корпорациясының бір бөлімі. Кинематографияда Marvel-ді "Идеялар үйі" деп атап кеткен.
[caption id="attachment_98089" align="aligncenter" width="900"] Фото: Iz.ru[/caption]"Marvel" компаниясының ең танымал қаһармандарының қатарында "Таңғажайып Төрттік", "Өрмекші-адам", "Халк", "Темір Адам", "Жанкешті", "Елес Шабандоз", "Доктор Стрэндж", "Тор", "Капитан Америка" және "Икс Адамдар" бар. Сюжетте олар Жер-616 деп аталатын ғаламшарда өмір сүреді деп баяндалады.
1960-шы жылдары Marvel Comics америкалық комикс шығаратын ең ірі екі компанияның біріне айналды. Компанияның ең басты қарсыласы − DC Comics болды. Осылайша, Marvel-дің "Өрмекші-адамы" мен "Темір адамы"DC Comics -тегі "Супермен" мен "Бэтменге" қарсы тұрды.
Marvel компаниясы комикстеріне негізделген және Marvel Studios компаниясы жасап шығарған суперқаһармандар туралы фильмдер сериясы "Marvel кинематографиялық әлеміне" біріктірілген. Аталған қиял әлемі ортақ сюжеттік желіге бірнеше фильмді біріктіру арқылы жасалған. Осылайша он бір фильм шыққан. Олар: "Темір адам", "Таңғажайып Халк", "Темір адам 2", "Тор", "Капитан Америка: Бірінші кек алушы", "Кек алушылар", "Темір адам 3", "Тор: Түнек әлемі", "Капитан Америка: Қысқы жауынгер", "Галактика сақшылары", "Кек алушылар: Альтрон дәуірі", "Құмырсқа-адам" және "Капитан Америка: Азамат соғысы". Marvel-дің "Галактика сақшылары" және "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" қазақ тіліне дубляждалған.
Marvel кинематографиялық әлемінің әрбір фильмінің соңында оларды бір әлемге біріктіретін басқа фильмге сілтеме бар. Бірақ, Marvel комикстеріне негізделген басқа фильмдердің бұл серияға мүлде қатысы жоқ. Бұлай болуының себебі - оларды басқа кинокомпаниялар түсірген. [caption id="attachment_98090" align="aligncenter" width="700"] Фото: filmpro.ru[/caption]Marvel кинематографиялық әлемі ең табысты фильмдер тізімінде $9,07 млрд сомамен бірінші орында. Соның ішінде, "Кек алушылар" және "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" кинокартинасы кинематография тарихындағы ең кассалы фильмдер тізімінде бесінші және жетінші орынды иеленеді.
Variety басылымы 2005 жылы Marvel Studios пен Paramount Pictures бірігіп, Marvel Comics компаниясының комикстері бойынша, өз киноәлемін жасайды деп мәлімдеді. Marvel Entertainment өздерінің ең белгілі кейіпкерлері Өрмекші-адамды, Елес жарыскерді SONY-ға, Халк пен Нэморды Universal Pictures-ке, Икс-Адамдар, Фантастикалық төрттік, Жанкешті секілді кейіпкерлерінің құқықтарын FOX сияқты кинокомпанияларына сатқан. Бұл банкроттан шығудың жолы еді.
Marvel компаниясы және оның туындылары туралы қызықты деректер:- 2002 жылы есту қабілеті нашар 4 жасар бала Марвелдің қаһармандары есту аппаратын тақпайтынын алға тартып, аппарат тағудан бас тартқан. Бұл мәселені шешу үшін Маркел есту аппараты бар суперқаһарман туралы комикс түсіреді. Жаңа кейіпкердің аты Көк Құлақ (Blue Ear).
- 1990 жылдары Майкл Джексон Марвел компаниясын сатып алып, өзі продюсерлік ететін Өрмекші Адам фильмінде басты рөлде ойнауды армандаған.
- АҚШ-та адамға ұқсайтын ойыншықтарға салынатын салық мөлшері көп. Алғашында Марвелдің ойыншықтары адамға ұқсайтындықтан артық салық салмақ болған. Алайда, Марвел компаниясы сот процесін жеңіп шығып, Икс адамдардың бейнесі адамға ұқсамайтынын дәлелдеп, артық салықтан құтылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024