Экономика
Медиа
«Маша мен Медведь» мультсериалының түсірілімі тоқтатылды
Ресейлік «Анимаккорд» студиясы YouTube-ке «Маша мен Медведь» мультсериалының соңғы 52-ші эпизодын салды. Түсірушілер сериалды осымен тоқтаттық деп отыр.
Жобаның продюсері Дмитрий Ловейко «Известия» газетіне берген сұхбатында бұған себеп – жаңа серияларға қаражаттың жетіспеушілігі. «Рейтингке қарамастан әзірге біз үшінші маусымды түсіру туралы шешім қабылдамай отырмыз, күш жинаудамыз», дейді ол. Ол сондай-ақ студия қазір «Қорқынышты машиналар», «Ертегі машиналар» атты жобаларға көңіл бөліп отырғанын айтқан.