Мәсімов Назарбаевтың тоқалы мен Әлия Назарбаеваға ірі банктің 50%-ын тартып алып бергісі келген – Оразалы Ержанов
Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz – Назарбаев билігі кезіндегі саяси қысымдар туралы бұрын «Наурыз банкін» басқарған, қаржы вице-министрі, Ұлттық банк басшысының орынбасары болған Оразалы Ержанов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұқбатында айтты.
Оның сөзінше, Назарбаевтардың талабына келіспегенннен кейін өзіне жала жабылып, ақша жымқырды деген айыппен түрмеге жабылған.
«2004 жылы маған Премьер-министрдің орынбасары Кәрім Мәсімов телефон соқты. «Үлкен кісі (Нұрсұлтан Назарбаев, авт.) мынадай шешім қабылдады: сенің банкіңе Әлия Назарбаева 50% партнер болады» деді. Осы мәселе бойынша бірнеше рет кездестік. Банктің өсуіне одан қандай пайда болатынын талқыладық. Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 39 мекен-жайындағы ғимаратымыздың 12-қабатын Әлияға кеңсе қылып беруімізді сұрады. Талқылай келе Кәрімге звондап, әріптестік туралы ұсыныстан бас тарттым», - деді Ержанов.
Бұл ұсыныспен шектелмей, Назарбаевтың тағы бір жақыны банктен үлес алғысы келген.
«Екінші жағдай – бұрынғы Air Astana компаниясының вице-президенті, Назарбаевтың іс жүзіндегі екінші әйелі Гүлнар Рақышева әріптес болам деп келді. Ол кісі банктің 70%-ын бересің деді. Сатып алам, ақша қосам демеді, тек жазып беруімді сұрады. Әлияда да ақша қосу жоспары болмады. Екі ұсыныстан да бас тарттым. Содан Алматыда орынбасарларымды ұстап, қамап тастады», - деп еске алды 2000 жылдардағы жағдайды.
Бұл оқиғадан кейін Оразалы Ержанов Ресейге кетіп, 2005-2010 жылдар аралығында Мәскеуде тұрған. 2010 жылы Мәскеуде ұсталып, бір жарым жыл сонда отырып, 2011 жылы Қазақстанға депортацияланды. 2012 жылы 3 млрд-тан астам ақша жымқырды деген айыппен 5 жылға сотталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024