Маск жоғары жылдамдықтағы жерасты электрлі автобусының тұжырымдамасын ұсынды
Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Твиттер парақшасына жоғары жылдамдықтағы жерасты электрлі автобусының тұжырымдамасын жариялады, деп жазды hi-news.ru.
Бұл жобамен қазіргі уақытта оның The Boring Company кәсіпорны айналысып жатыр. Бұл жобаның өзге туннелдер жүйесінен айырмашылығы автокөліктерге емес, велосипедтерге, жаяу жүргіншілерге бағытталып жасалынатындығында.
«Жүйе автокөліктермен таси алады. Бірақ ол үшін қоғамдық көліктің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Бұл құрмет пен әділдік мәселесі. Ең алдымен, біз көлігі жоқтарды ойлауымыз қажет» деп жазды ол микроблогқа.
Маск тұжырымдаманың бірқатар техникалық деталдарымен бөлісті. Жерасты электро автобусінің жылдамдығы сағатына 240 км дейін жете алады. Бұдан бөлек, қозғалыс жүйесі көп деңгейлі, ал осы деңгейлер арасында жылжу үшін лифт қолданылады.
https://m.youtube.com/watch?v=i5Z-kgCuskQThe Boring Company басшысы бұл жобаны іске асыру үшін мыңдаған шағын бекеттер құрылатындығын атап өтті. Тура осы жерде бұл жобаның үлкен бекеттерді қажет ететін метродан басты айырмашлығын байқауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Вашингтон, Колумбия округі Илон Масктың The Boring компаниясына National Mall сауда орталығының тұрағында жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат бергенін хабарлағанбыз.
Вашингтон Илон Маскқа Hyperloop салуға рұқсат етті
Қания Табыс
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024