Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Мәскеу қаласында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтті, деп хабарлайды ССП баспасөз қызметі.
Іс-шара «Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасы» одағының қолдауымен жүзеге асты. Бизнес-миссия құрамына тамақ өнімдерін, электр-техникалық тауарларды, кәсіптік жуу және дезинфекциялау құралдарын өндіру саласының кәсіпорындары кірді. Атап айтқанда, тамақ өнімдері блогында кондитерлік өнімдерді, шұжық және ет деликатестерін, жылдам дайындалатын өнімдерді, табиғи бал, тосап пен компоттарды, қышқыл сүт өнімін өндірушілердің кең спектрі болды.
Қазақстан Сыртқы сауда палатасының өкілі Дулат Омаровтың айтуынша, ССП қазақстандық өндірушілер де, ресейлік әріптестер де пайдалана алатын қолдаудың үлкен бағдарламасын ұсынып отыр.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 17,5 млрд доллар болған және бірлескен кәсіпорындар қарқынмен өскен кезде де ынтымақтастық әлеуеті сарқылмайды», - деп атап өтті Дәурен Омаров.
Ресми шаралар аяқталғаннан кейін қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар В2В-сессиясы шеңберінде екіжақты келіссөз өткізді. Мәскеулік ритейл-желілердің өкілдері Қазақстаннан келген әлеуетті әріптестердің өнімін көріп, дәмін татты. Бұл - отандық тамақ өндірушілер үшін ресейлік ірі ритейлерлермен байланыс орнатудың зор мүмкіндігі.
Миссия қорытындысы бойынша қазақстандық және ресейлік компаниялар арасында ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024