Алматы. 11 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астана – Прага бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосады, - деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Алғашқы рейс 2019 жылдың 2 маусымында басталады және бұл рейс аптасына 2 рет (бейсенбі мен жексенбі күндері) ұшырылады. Екі ел арасында ұшу уақыты – 5 сағат 30 минут.
«Жыл сайын Чехияға жүз мыңнан астам қазақстандық турист барады, чехиялық университеттерде 200 мыңнан астам қазақстандық студенттер оқиды. Сонымен бірге, тікелей рейстің ашылуы екі елдің іскерлік ортадағы байланысты кеңейтуіне, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және туристер санын көбейтуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024