ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан, Жанна Телпекбаева, Әлия Абсеметова, Мақпал Тажмағамбетова Алматы облысына жұмыс сапарын Талдықорған қаласында аяқтады. 2 апта облысқа қарасты аудандарды аралаған депутаттар сапар соңында Талдықорған қаласындағы қоғамдық палата мүшелерімен, облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесті.
Депутаттар Алматы облысына жасаған жұмыс сапарымен таныстырған соң, қоғамдағы қордаланған өзекті мәселелер қаузалды. Атап айтқанда, қоғамдық палата мүшелері жерді меншіктеу, су каналдарын жүргізу ауылшаруашылық саласындағы қиындықтарды айтып, депутаттарды аталған мәселелерді тиісті органдарға жеткізуін өтінді. Өз кезегінде Мәжіліс депуттары екі сағаттан астам уақытқа созылған жиында айтылған барлық проблемаларды шешуге аянбай атсалысатындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ облыс әкімімен кездесуде депутаттар өңірлік деңгейде шешілуі тиіс өзекті мәселелерді көтерді. Ал үкіметтік деңгейде қарастырылатын, тиісті заңнамаларға қатысты кезек күттірмейтін жайттарды заң шығарушы орган тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсынбақ.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024