Мәжіліс депутаттары қаржы пирамидаларының жолын кесетін заң жобасын талқылап жатыр
Нұр-Сұлтан. 25 мамыр. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалауды күшейту, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» заң жобасын талқылауға кірісті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сондай-ақ, депутаттар "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" заң жобасымен lt жұмыс істей бастайды.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов хабарлағандай, заң жобаларын Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Қазақстан Парламентінің депутаттары әзірледі.
«Заң жобаларының негізгі мақсаты – азаматтардың мүлкінің қорғалуы, қаржы пирамидасының бастапқы сатысында оның жолын кесу. Қаржы және бюджет комитеті 16 қарашаға дейін заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», деді Мәжіліс депутаты Мұрат Құсайынов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024