Нұр-Сұлтан. 24 тамыз. 7kun.kz – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Болат Назарбаевтың елдің әр жерінде иемденіп алған жерлері бар екенін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Болат Назарбаев 5 жыл ішінде құны жүздеген миллион доллар болатын жер телімдерін иемденіп алған. Соның салдарынан қоғамда әлеуметтік теңсіздік орнап, Конституциядағы теңдік принциптері орындалмауда.
«Болат Назарбаев есімді азамат 5 жыл ішінде Қаскелең, Талғар, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығын және әкімшілік ғимарат пен базар салуға 240 гектар болатын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Бұл кісінің фамилиясына берілген құжаттар менің қолымда. Аталған жер телімдерінің бағасы нарықта жүздеген млн доллар тұрады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2 млн азамат 10 соттық жерді ала алмай телміріп жүр», – деді депутат.
«AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Кеңес төрағасы Ерлан Саиров осы мәселелермен айналысуды Кеңес аппаратына тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024