Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан астанасының бюджетін кірістер мен шығыстарды 17 млрд теңге ұлғайту мақсатында қайта қарау жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ.
Агенттіктің хабарлауынша, мәжіліс «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласының мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №333 / 42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылдады.
«Астана қаласының мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №333 / 42-VI «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағында:
1) тармақшадағы «406 300 487» сандары (кірістер, мұнда және одан әрі мың теңгеде) «423 614 385» сандарымен ауыстырылсын;
«133 115 524» сандары (трансферттен түскен түсімдер) «150 429 422» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «379 841 918,9» (шығындар) деген сандар «397 155 816,9» санымен ауыстырылсын», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, шешім жобасы 23 сәуірге дейін жария талқылауға шығарылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024