Экономика
Мәжіліс Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастауы мүмкін

Нұр-Сұлтан. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Мәжіліс депутаттары 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға мынадай бірқатар түзету енгізді.
Оның ішінде, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.
Тиісті заң жобасы бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында қаралады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025