Әлемдегі ең ірі жылдам тамақтану желісіне ие американдық McDonald's Corp. табыстарын Люксембургтегі үлестес бөлімшесіне бағыттау арқылы Еуропада салық төлеуден әдейі қашқақтаған деп айтылады АҚШ пен Еуропа кәсіподақтары мен британдық War on Want белсенділер тобының мәлімдемесінде.
Осылайша 2009 бен 2013 жылдар аралығында компания шамамен 1 млн евро мөлшерінде салық төлемеген.
Осы бес жылдың ішінде Люксембургтегі қызметкерлер құрамы 13 адамнан тұратын McDonald's бөлімшесінің түсімі 3,7 млрд евроны қамтыған, бұл бөлімшенің төлеген салық соммасы 16 млн евро.
"Біз Еуропа комиссиясын және сәйкес ұлттық салық органдарын, сондай-ақ жақында құрылған Салық салу жөніндегі еуропалық парламенттің арнайы комитетін McDonald's компаниясының салықтық тәжірибесін мұқият зерттеп, тиісті шараларды қолдануға шақырамыз", - деп айтылады хабарламада.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024