McDonald's фаст-фуд мейрамханалар желісі әлем бойынша басшылық қызметтегі 225 қызметкерін қысқартады. Осындай қадамға бару арқылы компания құлдырай бастаған бизнесін қайта қалпына келтірмек деп жазады Associated Press агенттігі.
McDonald's-тың Иллинойс штатындағы Оук-Брук штаб-пәтеріндегі жалпы саны 2100 адамды құрайтын қызметкерлердің 135-і қысқарады. Тағы шетелден 90 қызметкер жұмыстан шығарылады. Компания мәліметінше, қысқартуға іліккендердің бәріне қысқарту жайлы бір ай бұрын ескертілген. McDonald's-тың баспасөз хатшысы Джэфф Мочалдың айтуынша, компания 2014-жылдың желтоқсанында 63, 2015-жылдың қаңтарында 55 кеңсе қызметкерін қысқартқан. АҚШ пен Қытай нарығындағы сатылымның төмендегеніне байланысты компания бизнесін осындай қайта құрылымдамақ. McDonald's-тың бас директоры Стив Истербук компания тамақтану желісін жаңа төрт сегментке бөліп, ұқсас нарықтарды біріктіру арқылы франшиза бойынша жұмыс істейтін жаңа тамақтану орындарын көбейтіп, қызметкерлерге бөлінетін 300 миллион долларды үнемдейтінін айтқан болатын.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024