2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша, McDonald’s түсімі 11%-ға азайды. Таза табыс 32,6%-ға қысқарып, 811 млн доллар құрады деп хабарлайды Еуроньюс агенттігі.
Бұл жаңа атқарушы директор Стив Истербурк тағайындалғаннан бергі алғашқы тоқсандық есеп. Директорлар кеңесі Биг Мак империясының бизнесіне жаңа импульс береді деген ниетпен басшыны ауыстырған еді. Истербеурк компания кәсібін қайта құрылымдауға уәде берді. Әзірге нашар нәтижеге қарамастан компания акциялары биржада жоғары көтеріліп келеді.
Дегемен соңғы екі жыл бойы компания жаһандық нарықта және Американың ішкі нарығында қатаң бәсекелестікке тап болуда. АҚШ-тағы гамбургерлер сатылымы 1,4 пайызға төмендеді дейді McDonald’s-тың Иллинойс штатындағы басшысы Оак Брук. Азия, Таяу Шығыс және Африкадағы сатылымдар 13 пайызға қысқарған.
Осыған дейін әлемдегі ең ірі дәмханалар желісі Жапония мен Қытайда үлкен дауға қалған еді. Айта кетейік, осы жылы McDonald’s 60 жылдық мерейтойын тойламақ.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024