Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жеке байланыс орталығын іске қосты. Бұдан былай тұрғындар сақтандыру мәселелеріне қатысты сауалдарын 1406 нөміріне жолдай алады. Бұл туралы Қордың Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, байланыс орталығына Қазақстан бойынша кез-келген телефоннан тегін қоңырау шалуға болады. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат таңғы 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
«Қор мамандарына медициналық сақтандыру, медициналық көмек көрсету мәселелері жөнінде сауал қоюға болады. Сонымен қатар, жұртшылық көрсетілген медициналық қызмет сапасына баға беріп, арыз-шағымдарын да жолдай алады», делінген хабарламада.
Жалпы, Қор 2020 жылдан бастап барлық аймақтық филиалдарында азаматтарды қабылдау кабинеттерін ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұндай кабинет медициналық сақтандыру жүйесін сынақтан өткізіп жатқан Қарағанды облысында жұмыс істеп тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024