Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Алматы. 4 қыкүйек. 7kun.kz – Тамызда Медициналық сақтандыру қорына 8 млрд 156,9 млн теңге көлемінде жарна аударылды.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта түскен қаржының жалпы сомасы 97 млрд теңгеге жетті.

Оның 88,4 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуы тиіс.

Похожие материалы