Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Медсақтандыру қорына жиналған қаржы 88 млрд теңгеден асты

Медсақтандыру қорына жиналған қаржы 88 млрд теңгеден асты

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – Шілдеде Медициналық сақтандыру қорына 8,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі.

2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 31 шілдесі аралығында жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарналардың жалпы сомасы 88,9 млрд теңгеден асып жығылды.

Оның 80,3 млрд теңгесі (90,3% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (9,7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Похожие материалы