Ресей. 31 мамыр. 7kun.kz – Ресейге қарсы санкциялар ел басшылығы мен бизнесіне емес, Ресей халқына қарсы бағытталған, дейді РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Санкция авторлары кімді жазалағысы келді? Президентті ме, елдің саяси және әскери басшылығын ба? Жоқ. Бұл анық, оны жасаушылар да мойындайды. Ешқайсымыздың шетелде мүлкіміз, есепшотымыз немесе елеулі мүдделеріміз жоқ. Біз ол жаққа демалуға және жұмыс істеуге бармаймыз», – деді Медведев.
Оның айтуынша, Ресейде ірі бизнес үлкен шығындарға ұшырады. Бірақ ресейлік активтер бизнесмендердің өздеріне және олардың ұрпақтарына жетеді. Саяси шайқастар үшін қарапайым салық төлеушілер қиындықтарға ұшырауда, дейді ол.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024