Ресей. 2 тамыз. 7kun.kz – Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасы бұзылды. Бұл туралы оның көмекшісі Олег Осипов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кеше түнде Медведевтің парақшасында геосаясатқа арналған жазба пайда болды. Бірақ кейін жазба жоғалып кетті.
"ВК-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба теңізшілерді Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналды. Ал парақшаны бұзып, қашықтан жазба жазып, жариялағандармен ВК әкімшілігі мен тиісті адамдар айналысады», – деді ол.