Қазақстанда әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының бірі – MEGA Park. Бос уақытын немесе мереке күндерін MEGA-мен өткізетін қазақстандықтар үшін танымал демалыс орнына айналған. 7kun.kz сауда орталығын толығырақ таныстыруға тырысады.
MEGA-ның құрылысымен айналысқан - Astana Group холдингі. Компания иесі - Нұрлан Смағұлов. Сауда орталығы - 30 жылдам астам ойын сауық проектілерді жасауда тәжірибесі бар франциялық DesignArchitectural компаниясының жасаған жобасы.
2009 жылы қаңтарда Мега сауда бренді 62,8 млн долларға бағаланды. Бір жыл ішінде бренд 439 пайызға жоғарылаған. Үздік отандық TOP-50 компаниялары арасынан 27 орынға тұрақтаған. Сауда орталығы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ашылған.
2011 жылы 9 шілдеде MEGA ShoppingNight ТРЦ MEGA мерекесіне сай ұйымдастырылған шарада 4 қала көрсеткіші бойынша 163 000 адам қабылдап, рекордтық көрсеткішке ие болды.
Ең алғаш Алматы қаласында 2006 жылы 25 қазанда Розыбакиева көшесінде ашылды.
[caption id="attachment_56910" align="alignnone" width="720"] Фото:Forbes.kz[/caption]Жалпы көлемі - 85 629 м², жеке аумақ көлемі- 45 716 м². Сауда орталығын салуға 2,5 жыл және 70 млн доллар қаражат жұмсалған. Мұнда 700 орынды фуд-корт, 20 кафе мен ресторан, 8 кино бөлмелері бар. 2013 жылы бұл кешен MEGA Alma-Ata 2 деген атаумен қайта кеңейтіліп, 120 дүкен, 15 ресторан және автотұраққа 1000 орын қосымша қосылды. Жылына 10 млн халықты қабылдайтын сауда орталықтарына сұраныс өте жоғары.
Ал 2014 жылы Алматыда үшінші орталығын ашты. Сейфуллина-Мақатаева көшелерінің қиылысында немесе қаланың төменгі жағында орналасқан кешеннің жалпы аумағы -106 226 кв. м, жеке аумақ көлемі - 46 333 кв. м. Соңғы ашылған бұл сауда орталығының ерекшелігі: экологиялық технологиялардың қолданылуы мен суық мезгілде кешен жылулығын арттыратын энергия үнемдеу құрылғыларының пайдаланады. Мұны сарапшылар 60-85 пайызға тиімді деп бағалауда. Сауда орталығында 105 дүкен, 23 кафе мен ресторандар, кинотеатр бар.
1500-ден аса адамды еңбекпен қамтып отырған Мега Парк орталығы күніне 25-30 мың адамды қабылдайды. Ал демалыс және мереке күндері 30-40 мың адам келеді екен.
[caption id="attachment_56911" align="alignnone" width="960"] Фото: Dknews.kz[/caption]2007 жылы 27 қыркүйекте Шымкент қаласында Тәуке хан мен Қонаев көшелері қиылысында Мега парк ашылды. Жалпы аумағы- 28 523 м². Сауда орталығын салуға 30 млн АҚШ доллары жұмсалған. Күніне 25-30 мың, ал демалыс күндері 30-40 мың адамды қабылдайды.
2015 жылы Нұрлан Смағұловтың Шымкенттегі сауда орталығын сатып жібергені хабарланды. Қазіргі иесі кім екендігі белгісіз, тек жергілікті инвестор екендігі ғана айтылды. Келісім-шарт құны - 40 млн доллар.
БАҚ-тың жазуынша, MEGA желісін дамытуға қажет қаржы Қазақстан Халық банкінен алынған. 2014 жылы Astana Group Ақтөбе және Шымкенттегі орталықтар үшін мемлекет қолдауын өтінген еді. Оның сөзінше, олардың құнын ақтау уақыты - 15-17 жыл.
Үкіметтің қолдауын сұраған MEGA-ның тағы бір орталығы 2009 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе қаласында ашылды. Сауда кешенін салуға 70 млн АҚШ доллары жұмсалып, жылдық табысы 200 млн теңгені құрайды. Жалпы аумағы - 45 355 м² құрайды.
Осы жылы Астанадағы жаңа MEGA құрылысына қатысты тағы шу шықты. «Қазақстан даму банкі» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алған қаражат сауда орталығын салуға жұмсалатындығы белгілі болды. Жаңа MEGA Астанадағы ЭКСПО аумағында бой көтеріп, Mega Silk Way деген атқа ие болады. Көпшілік зейнетақы қорының жеке инвестордың жобасы үшін жұмсалатындығына наразлығын білдірген еді.
Ал осы айдың басында Қазақстан Даму Банкі Нұрлан Смағұлов MEGA үшін алған қарызын уақытынан бұрын қайтаратындығын мәлімдеді.
«Нұрлан Смағұлов Астанадағы MEGA-ның құрылысына қарыз берген ҚДБ-ның борышын уақытынан бұрын өтемек. Және бұған экономикалық, қаржылық факторлар емес, осыған қатысты қойылып жатқан сұрақтар әсер етті. Смағұлов өз компаниясының жаман атты болғанын қаламайды», — дейді банк басшысы Болат Жәмішев.
Жанерке СЕРІКОВА «7»
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024