Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Көптеген мекемелер нақты табыс көлемін төмендетіп көрсетеді, кейбірінде кассалық аппараттар жоқ, чектерді айына бір рет шығарып, жалдамалы қызметкерлердің нақты санын жасырады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, мұндай бұзушылықтарды еліміздегі мейрамханалар жалғастыруда.
Салық міндеттемелерін орындауды қашықтан бақылау үшін әр түрлі интернет сайттарда өз қызметтерін жарнамалаған Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент мейрамханаларының тізімі пайдаланылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры Жәнібек Нұржанов мәлімдеді.
Бақылаудың алдын ала қорытындысы бойынша, Нұр-сұлтан қаласы бойынша 164 мейрамхананың 37 салық төлеушісінің өз табысын салық есебінде көрсетпейтінін көрсетті, 31 мейрамханада жалдамалы қызметкерлер жоқ, 41 мейрамханада жалдамалы қызметкерлер саны 1 - ден 5 адамға дейін көрсетіледі. Сонымен қатар, 6 мейрамханада бақылау-касса машиналары жоқ, ал
БКМ бойынша: фискалды чекті айына бір рет – 1 мейрамхана, күніне бір рет – 14 мейрамхана шығарады. Қаланың 34 мейрамханасында БКМ бойынша түсім жоқ.
Нұржановтың айтуынша, Алматыда 275 мейрамхананың 95 салық төлеушісі өз табысын салық есебінде көрсетпейді, 123 мейрамхана жалдамалы қызметкерлерін көрсетпейді, 24 мейрамхана 1-ден 5 адамға дейін жалдамалы қызметкерлер санын көрсетеді. БКМ бойынша: фискалды чекті айына бір рет – 3 мейрамхана, күніне бір рет – 13 мейрамхана шығарады. Алматы қаласының 83 мейрамханасында БКМ бойынша түсім жоқ.
Шымкент қаласының 85 мейрамханасының 17 салық төлеушісі өз табысын салық есептілігінде көрсетпейді, 24 мейрамханада жалдамалы қызметкерлер көрсетілмеген, 12 мейрамханада 1-ден 5 адамға дейін жалдамалы қызметкерлер саны көрсетілген. Сонымен қатар, қаланың 23 мейрамханасында бақылау-кассалық машиналар жоқ. БКМ бар мейрамханалар бойынша: фискалды чекті айына бір рет – 2 мейрамхана, күніне бір рет – 8 мейрамхана шығарады. 24 мейрамханада БКМ бойынша түсім жоқ.
Бұл ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша осы саладағы салық төлеушілердің 18%-ы 2018 жылға арналған мәлімдемелерінде жылына 1 млн теңгеге дейін немесе күніне 3 мың теңге табыс табатынын көрсетті.
Салық міндеттемелерін толық көлемде орындамайтын барлық салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдады. Осындай талдау басқа облыстар бойынша да жүргізілуде, деп атап өтті Жәнібек Нұржанов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024