Мектепке дейінгі білім беру саласындағылардың орташа жалақысы 62 мың теңгені құрады
Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы қызметтің көлемі І тоқсанда 71,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке немесе 8 млрд теңгеге көп, деп хабарлайды Baq.kz.
Салыстырмалы түрде бәрінен көп бұл қызмет түрлері ОҚО (ҚР-дағы үлесі 20,4%), Алматы (ҚР-дағы үлесі 10,1%) және Жамбыл облыстарында (ҚР-дағы үлесі 8,1%) көрсетілді.
Мамыр айының қорытындысы бойынша, ата-аналар балаларының балабақшаға немесе дамытатын орталықтарға барған бір күніне 817 теңге төледі. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5% қымбат.
Қазақстан Республикасы бойынша мұндай қызмет түрлері астаналық ата-аналар үшін қымбат болып жүр. Бұл жерде балалардың мұндай орталықтарға немесе балабақшаларға бір рет баруы 1 862 теңгені құрайды. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,6% көп.
І тоқсанның қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметшілердің орташа жалақысы 61,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 1,1%-ке көп.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024