Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Отбасы банкінің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны жөнінде жалған ақпарат тарауда. Осыған байланысты банк мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алаяқтар: 10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы Банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», – делінген банк хабарламасында.
Отбасы банк азаматтарды сақ болуға шақырды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024