Алматы. 5 тамыз. 7kun.kz - Алматының әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) Алматы ипподромына салынған инвестицияны алты жыл ішінде өтеп алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде ӘКК басшысы Қайрат Көлбаев мәлім етті.
Сондай-ақ ол "Тенгри-Инвест" ЖШС активін сатып алу үшін мелекет қанша қаржы жұмсағанын айтты.
"Мәміле сомасы 4,2 млрд теңгені қамтыды. Қаражат қала бюджетінен бөлінді, ал біз экономикалық қайтарымды қамтамасыз етуіміз тиіс. Мемлекет бізді капиталдандырып отыр, ал біз ақша тауып, салық есебінен бюджетті толықтырамыз", - деп мәлімдеді Қ.Көлбаев.
ӘКК басшысының айтуынша, олар бұл мақсатқа билеттерді сату, тотализатор, түрлі ат жарыстарын қайта ұйымдастыру арқылы қол жеткізбек. "Ипподромды қайта жаңғырту мақсатында түрлі деңгейдегі көпшілікке арналған ойын-сауық іс-шараларын, маусымдық бәйгелерді, тотализаторды жүйелі түрде өткізу қажет", - деді ӘКК өкілі.
Алайда қазіргі уақыттағы басты мақсат - ипподром инфрақұрылымын жақсарту. Қ.Көлбаевтың айтунша, трибуналарды, әкімшілік ғимараттарды, қонақүй мен атқораларды жөндеу жұмыстары кемінде бір жыл уақытты алады.
Содан соң жаңа қожайындар ат жарыстарын жаңғыртумен қатар билеттерге біркелкі баға орнатып, жайлылықты қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі: kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024