Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет қазақстандықтарға қарыздарын төлеуге көмектеседі

Мемлекет қазақстандықтарға қарыздарын төлеуге көмектеседі

Қазақстандықтар елден шықпас бұрын қарыздарын  egov арқылы төлей алады. Бұл туралы әділет министрлігіндегі сот актілерін орындау бойынша департамент директорының орынбасары Саида Сағдат мәлімдеді.

Заң жобасына айыппұлды электронды үкіметтің төлем шлюздері арқылы төлеуге мүмкіндік беретін норма енгізілді."Біздің жүйеміз egov-пен біріктірілгендіктен, мұндай сот өндірісі автоматты түрде аяқталуы мүмкін", -деп түсіндірді ол. Дегенмен С.Сағдат әуежайлар мен вокзалдарда өз қарыздарын төлеп бітіруге мүмкіндік беретін төлем терминалдарының орнатылу мерзімін айтқан жоқ. "Бұл техникалық мәселе және нормативті түрде тез шешілмейді. Басқа елдердің тәжірибесінде оң өзгерістер болғандықтан, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп түсіндірді ол. Әділет министрлігінің өкілі ведомства сайтында ел аумағынан шығуға тыйым салынған борышкерлердің тізімі жарияланғанын атап өтті. Ол шетелге барушыларға осы тізімді қарап шығуға кеңес берді. Бүгінде сот орындаушылары 236 мың қазақстандыққа ел сыртына шығуға тыйым салды.

Похожие материалы