Экономика
Мемлекет басшысы баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңына қол қойды
Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz – Мемлекет басшысы баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорданың ресми сайтында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.