Мемлекет басшысы: Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына сүйенбеуі керек
Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық қор пандемия жағдайында және экономикалық ахуал нашарлаған кезде өз міндетін толық орындады, ондағы қаржысын тиімді пайдалану қажет. Бүгін Ақордада өткен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңесте Президент Тоқаев осындай пікір білдірді.
«Ұлттық қордан жасалған трансферттер 2020 жылы 4,8 триллион теңгені, ал 2021 жылы 4,5 триллион теңгені құрады. Биыл Үкімет тағы да 4,6 триллион теңге сұратып отыр. Бұл – өте қомақты қаржы. Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек. Трансферттерді біртіндеп азайту қажет», - деді Президент.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа акциялар нарығының өсуіне орай теңгерімді аллокацияға көшу жөнінде баяндалды. Бұл соңғы 3 жыл ішінде Қордың кірісін 10,75 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024