
Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджет 2,5 трлн теңгемен толықты.
Мемлекеттік бюджеттің негізгі табыс көзі ретінде саналатын салықтан 1,8 трлн теңге қаржы түсті. Бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,1 пайызға көп. Трансферттер түсімінен 794,6 млрд теңге қаржы келген. 2017 жылмен салыстырғанда трансферттер түсімінің көлемі 30 пайызға ұлғайған. Салықтық емес түсімдерден 52,6 млрд теңге ақша түскен.
Табыс салығы мемлекеттік бюджетті 2018 жылдың бірінші жартысында 600,1 млрд теңгемен толықтырды. Ал халықаралық және ішкі сауда-саттықтан жиналған салық көлемі 270 млрд теңгені көрсетті.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025