Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік бюджет шығындары 3,8 трлн теңгеге жетті

Мемлекеттік бюджет шығындары 3,8 трлн теңгеге жетті

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында мемлекеттік бюджет шығындары жылына 16,7%-ға ұлғайып, 3,8 трлн теңгеге жетті. Салыстыру үшін: өткен жылдың ұқсас кезеңінде мемлекеттік бюджет шығыстарының сомасы 3,3 трлн теңгені құрады, өсім — 11,7%. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.

Есептік кезеңге сәйкес, соңғы бес жылдағы (алғашқы төрт айдың қорытындылары бойынша) мемлекеттік бюджет шығындарының сомасы орташа есеппен жылдан-жылға 12,3%-ға ұлғаяды.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының ең көп бөлігі әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға келеді — шығыстардың жалпы сомасының 27,6%-ы, бір жыл бұрын үлесі 26,8%-ға тең болды.

Білім саласына мемлекеттік бюджеттен 671 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді — өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артық (577,2 млрд. теңге), үлес 17,6%-ды (бір жыл бұрын-17,7%) құрады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына шығындар 12,3%-ға, 435,4 млрд теңгеден 488,9 млрд теңгеге дейін өсті, үлес 12,8%-ды құрады.

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет шығыстарының ТОП-5 бағытына борышқа қызмет көрсету және жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер сияқты салалар кірді: тиісінше 252 млрд және 225,1 млрд теңге.

2019 жылдың төрт айында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мемлекеттік бюджет шығыстары жыл ішінде 20%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде сома 19,8%-ға өскен кезде 875 млрд теңгеге тең болды. Бұл салаға орташа шығындар жылына 15,6%-ға ұлғаяды.

Жалпы 2019 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке бағытталатын қаражат көлемі 674 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28%-ы. Жалпы әлеуметтік төлемдерге ағымдағы жылы 2,9 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Еңбек министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Министр халыққа есеп беру кездесуінде атап өткендей, бүгінде мемлекет әлеуметтік көмектің 39 түріне кепілдік берген. Сонымен қатар, ол 2018 жылы бюджеттен 2,5 трлн теңгеден астам сомаға 3,8 млн адам (халықтың 20,9%) зейнетақы мен жәрдемақы берілгенін еске салды. Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 190 млрд теңге сомасына 800 мың адам төлем алды.

Похожие материалы