Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6%-ға, республикалық бюджетке 101%-ға және жергілікті бюджеттерге 107,5%-ға орындалды. Бұл туралы бүгінгі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды.
Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 млрд теңге жоспар кезінде 108 млрд теңгеге асыра орындалып, нақты 4 234 млрд теңге түсті, оның ішінде: республикалық бюджетке жоспарланған 3 094 млрд теңге болса, 31 млрд теңгеге асыра орындала отырып, 3 124 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджетке 1 032 млрд теңге жоспармен 1 109 млрд теңге түсті, 77 млрд теңгеге асыра орындалды.
Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджетке салықтар мен кедендік төлемдердің қосымша түсімдері бойынша жоспар 162%-ға орындалды. Жоспар бойынша 213,5 млрд.теңге болып, нақты түсім 345,8 млрд теңгені құрады.
Жартыжылдық жоспарды орындау бойынша ең жақсы көрсеткіштерге Атырау (106,7%), Ақтөбе (105,6%) және Маңғыстау (104,9%) облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қол жеткізді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024