Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 102,0%-ға, республикалық бюджетке 100,5%-ға және жергілікті бюджеттерге 106,3%-ға орындалды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарының 2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындыларына арналған алқа жиналысында белгілі болды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша 6 301,2 млрд теңге болса, іс жүзінде 6 426,5 млрд теңге түсті, 125,3 млрд теңгеге асыра орындалды. Республикалық бюджетте жоспар бойынша - 4 675,1 млрд теңге, 22,3 млрд теңгеге асыра орындалып, 4 697,5 млрд теңге түсті. Ал жергілікті бюджетке жоспар бойынша - 1 626,0 млрд теңге, 103,0 млрд теңгеге асыра орындалып, 1 729,0 млрд теңге түсті.
"9 айда камералдық бақылау нәтижелері бойынша 94 млрд теңге өндірілді. Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексерулерде анықталған бұзушылықтардың саны 8,8 мыңды құрап, 9 айдың қорытындысы бойынша бақылау нәтижесінде 165 млрд теңге сомасында бюджет кірісі қамтамасыз етілді », - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдары акцизделетін тауарларды сату саласындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Алкогольді ішімдіктердің айналымынан 2019 жылдың 9 айында 5306 мың литр заңсыз алкогольдік ішімдіктер анықталды. 2019 жылдың 9 айында алкоголь өнімі айналымнан 5306 мың литр заңсыз алкоголь өнімі анықталды. Мұнай өнімдерінің айналымы саласында 275 745 мың теңгеге 2190 тонна заңсыз мұнай өнімдері анықталды. Олар бойынша айыппұл сомасы 24 315 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, айналымнан 937 368,4 мың теңгеге заңсыз әкелінген2 343,4 мың дана темекі тәркіленді.
Жыл соңына дейін мемлекеттік кіріс комитеті Мемлекеттік қызметтің 80%-ын, 2020 жылы - 90%-ын автоматтандыруды жоспарлап отыр. Мемлекеттік кіріс органдары көрсететін 45 мемлекеттік қызметтің 34-і автоматтандырылды (75%). 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша республика бойынша барлығы 16,5 млн қызмет көрсетілді, оның 90,6%-ы немесе 14,9 миллионы электрондық тәсілмен қызмет көрсетілді.