Орал. 14 шілде. 7kun.kz - БҚО мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық зерттеу қызметінің қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет бөлімінің жетекшісі Урналиев Н.М. пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
Урналиев соңғы 25 млн теңге заңсыз ақшаны алып жатқан жерінде ұсталды. Жалпы пара көлемі 101 млн теңге.Мұндай сомадағы заңсыз қаржыны ол жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатып, жауып тастағаны үшін алған.
Күдікті Орал қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі зерттеу жұмыстаы жүргізіліп жатыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024