Экономика
Мемлекеттік кіріс комитеті WhatsApp арқылы жалған кәсіпкерлік туралы шағымдар қабылдайды
Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетіне шағым түсіргеннен кейін 3 букмекерлік кеңсе және бір заңсыз ойын залы жабылды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов мәлімдеді.
Шағымдар WhatsApp қосымшасы арқылы мемкіріс комитетінің ресми номеріне түсіп отырады (87001020202). "Ресми номерге келген ақпарат арқылы 3 букмекерлік кеңсе мен ірі ойын автоматтар залы жабылды. Олар Астана аумағында әрекет еткен", - деп атап өтті Ж.Сұрағанов. Оның сөзінше, қазыналық чек бойынша да көптеген шағымдар түсіп жатыр. Мемкіріс комитетінің өкілі картадан чек берілмейтін мекемелерді көрсетті. "Барлық мәліметтер қауіпті басқару жүйесіне түсіп, оның негізінде шағым айтылған салық төлеушілерге қатысты шара қолданылады", - деді ол. Шағымдарды қабылдау осы жылдың 11 шілдесінен басталып, бүгінге дейін 730 хабарлама түсті. Комитеттің атап өтуінше, хабарламалардың тек 16 пайызында ғана қажетті шара қабылдауды қажет ететін ақпарат бар. Көпшілігі негізсіз түседі. "Комитет аккаунты жалған кәсіпкерлік, заңсыз казино, ойын автоматтары, жасырын алкоголь цехтары, салықтан жалтару және т.б. заң бұзушылықтар бойынша шағымдар қабылдайды", - деп қорытындылады ведомство өкілі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024