Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бастап мемлекеттік мекемелер шетелде шыққан бірде-бір қызметтік көлік сатып алған жоқ, - деп хабарлайды «ҚазАвтоПром».
«ҚазАвтоПром» басшысы Олег Алферовтың айтуынша, мемлекеттік органдар Қазақстанда жиналған көлік құралдарын сатып алды.
«Ағымдағы жылдың басынан бастап отандық автоөндірушілер мемлекеттік мекемелердің техниканы сатып алу қажеттілігінің 100%-ын – сала тарихында алғаш рет жапты», - деп түсіндірді Алферов.
Жалпы, 2019 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 9,6 млрд теңгеге 1 537 автокөлік сатып алынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 46,5%-ға жоғары.
Одақтың ақпаратына сәйкес, мемлекеттік мекемелер белсенді түрде Lada маркалы жеңіл автокөліктерді сатып алды. Есепті кезеңде осы марканың 555 бірлігі сатып алынды. Топ - 5 құрамына 325 бірлік нәтижесімен UAZ, Skoda (230 бірлік), Hyundai (170 бірлік) және KIA (167 бірлік) кірді.