Астана. 7 қазан. 7kun.kz – Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияны жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық деректері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновты ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша (мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету) кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сондай-ақ қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковский ҚК-ның 175-бабы 1-бөлігі Мемлекетке опасыздық жасағаны және О. Ждан ҚК-ның 176-бабы тыңшылық әрекеті кінәсі үшін 11 жыл 3 айға және 11 жылға сотталды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024