Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Мемлекеттік қызметке орналасуда үміткерге қазақ тілін білу талабы қойылуы мүмкін. Бұл Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазір мемлекеттік қызметшіге азамат өтініш берген тілде жауап беруі керек деген талап қойылады. Ол үшін біз жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін қойылатын шарттардың бірі – азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі орта деңгейден төмен болмауы тиіс.
Сондай-ақпПрезиденттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде мемлекеттік тілді меңгеру туралы талап бекітілді. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілін міндетті білу талабын енгізу мәселесін талқылап жатырмыз. Егер бұл талап бекітілетін болса, оны қосымша хабарлаймыз», - деді Азамат Жолманов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024