Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов БАҚ өкілдеріне түсіндірді.
Негізінен өзгерістер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуға қатысты.
Бұл салада бәсекелестіктің жоғары болуына қарамастан (бір конкурста 7-8 компания қатысады) 80 пайыз жағдайда сатып алу олардың өтінімдеріндегі кемшіліктерге байланысты өткізілмеді деп танылады.
Құрылыс саласында сатып алу бойынша өтінімдерінің жаппай кейінге қалдырылу себебі - саны көп растайтын құжаттарды негізсіз ұсынуды талап ететін жобалау-сметалық құжаттамаға байланысты.
Сонымен қатар, құрылыс саласы лицензияланатын қызмет түріне жатады және сатып алуға тиісті лицензиясы бар. Оны алу кезінде тиісті материалдық және еңбек ресурстары бар екенін растаған компаниялар ғана қатысады.
Осыған байланысты, қағидаларға рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес берілген тиісті лицензия құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша материалдық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжат болып белгіленетіні туралы өзгерістер енгізіледі.
Ұсынылып отырған түзетулер құрылыс саласында жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жеңілдету және төмендету мақсатында енгізіліп отыр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленген және қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024