Экономика
Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғайтын пилоттық жоба іске қосылды
Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба қолға алынды деп хабарлайды ОҚО әкімшілінің баспасөз қызметі.
Пилоттық жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітілген. Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің memkyzmet.kz сайтында орналастырылды. Нәтижесінде азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін департаментке емес, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне тікелей шағымдануға барлық жағдайлар жасалып отыр. Бұл пилоттық жобаны халыққа таныстыру үшін облыстағы әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сарыағаш, Созақ аудандарына арнайы барып, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Кеңес мүшелері Ә. Досболов пен «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов жеке қабылдау өткізіп, бірқатар іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленбегенін анықтаған. Осы кемшіліктің негізінде облыстың барлық аудан, қала әкімі аппараттарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан 1824 қызметшінің іссапар шығындары өз уақытында төленбегені анықталып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында А.Ахметовтың ұсынысымен аталған мәселе әдеп жөніндегі кеңестің отырысында талқыланып, тұрақты түрде мониторинг жүргізетіндігі жөнінде тиісті хат жолданды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024