2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі. Бұл туралы Парламент Мәжілісі депутаты Светлана Ферхо мәлімдеді.
Жалақы көлемін көтеру осы жылдың шілдесіне жоспарланған екен, алайда бюджетке енгізілген түзетулер мен мемлекеттік шығндардың қысқартылуы аталған жоспардың орындалуын кейінге шегеруге себеп болған.
Депутаттың сөзіне қарағанда, бюджетте жәрдемақыны арттыру қарастырылған: 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы көлемі 7%-ға артыпты, мәселен, екінші топтағы мүгедектерге өткен жылы 22 163 теңге көлемінде беріліп келген көмек осы жылдың басынан бастап 23 715 теңгеге дейін өскен.
Мәжіліс өкілі ұсынған мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 1 қаңтарында зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар саны 1 миллион 900 мың адамды құраған.
"Зейнетақы төлемдерін көтеру бюджетте жоспарланған 9%-ды құрады. Негізгі зейнетақы көлемі 2014 жылы 10 450 теңге болса, 2015 жыл қаңтарынан бастап 7%-ға артты", - дейді Ферхо.
Сонымен қатар, келесі жылы студенттік шәкіртақы да 25%-ға артады деген мәлімет бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024