Белгілі кәсіпкер Еркін Тәтішев ағасының қазасына кінәлі адамдардың аттарын атап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Esquire» журналыны бұл іске Мұхтар Әбіләзов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың да қатысы бар екенін жазды.
«2004 жылғы желтоқсанда болған қазадан кейін 18 жылдай өтті. 2016-2017 жылдардағы тергеу Әбіләзовтың, Дүтбаевтың және Тоқмәдидің кінәсін нақты дерек пен айғақтарға сүйеніп, толық дәлелдеді. Олар бір банда, бір-бірімен байланысты. Менің ағамды Тоқмәди өлтіргеніне сенімдімін», – деді Ержан Тәтішевтің інісі Еркін.
Сондай-ақ, Еркін АҚШ-тың сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы Ержан Тәтішевті Тоқмәдидің өзі әдейі атқанын дәлелдегенін айтты.
«Дүтбаев 10 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айрылған еді. Оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығып кеткеніне таң қалып отырмын. Ағамның өлімін ұйымдастырған сол кісі. Ол бақылау жүргізу, телефон тыңдау және әкімшілік қысым ұйымдастырумен айналысқан», – деді Еркін Тәтішев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024