Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мереке қарсаңында: гүл саудасының жайы қандай?

Мереке қарсаңында: гүл саудасының жайы қандай?

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аналар мен арулар үшін гүлден артық сыйлық жоқ. Ал өзгелері үшін бұл мереке гүл саудасының ең табысты тұсы. 7 kun.kz тілшілері интернет желісінде, көшеде және дүкендерде сатылып жатқан гүл бағаларын шолып шықты.

Алдымен интернет арқылы гүл сататын дүкендердің сайттарын қарадық. "Миллион роза" деп аталатын интернет дүкеніндегі ең арзан гүл бумасы - гербер гүл жиынтығы. Оның бағасы - 5000 теңге. Одан кейінгі арзан баға 15 раушан гүлінің бумасы 5900 теңгеге бағаланған. Сайттағы бағалар гүлдің санына әрі ұзындығына байланысты белгіленген.  50 см болатын 15 раушан гүлінің жиынтығы - 6500 теңгені құрайды.

[caption id="attachment_38457" align="alignnone" width="723"]million-roz.kz million-roz.kz[/caption]

Ал интернет дүкендегі ең қымбат "Жұлдыз" деп аталатын 101 раушан гүлі - 59 000 теңге. 1 тал гүл шоғын да сатып алуға болады. Оның бағасы -800 теңге. Жеткізіп беру құны қала ішінде - 1000 теңге. Қала сыртына жеткізу бағасы алдын ала келісім бойынша болады.

Тек қызғалдақтар сататын интернет дүкендегі баға әлдеқайда арзан әрі жеткізу құны тегін. Бір тал қызғалдақ гүлінің көтерме бағасы - 250 теңге. Ал бөлшек баға - 350 теңге. Қалағаныңыз бойынша безендіріп, қажетті жерге жеткізіп береді.

[caption id="attachment_38458" align="alignnone" width="776"]tulip-holland.kz tulip-holland.kz[/caption]

Осыдан соң дүкендер желісін аралап шықтық. Сарыарқа базарында орналасқан гүл дүкендері өз өнімдерін суретке түсіруден, жарнамалатудан бас тартты.  Дегенмен мұндағы ең арзан баға 1 тал раушан гүлі үшін 500 теңге екенін анықтадық. Ал гүл дестелерінің бағасы 3000 теңгеден басталады. Сондай-ақ, гүл сатушылар гүл бағасының қымбаттағанын да айтты. Бұған себеп - нарықтағы тұрақсыздық, яғни теңге бағамының құбылмалығы.

12825125_784941088302904_523579487_n (1)Ал осыдан бір жыл бұрын "Дильдини" деп аталатын интернет дүкенін ашқан Ділдә Әбішеваның сөзінше, гүлдерге деген тапсырыс әртүрлі болады. "Нақты мына күні мынандай тапсырыс болады деп айтуға болмайды. Сатылым сенбі жексенбі күндері және осындай 8 наурыз мерекесінде көбейеді", - деді ол. Ділдәнің гүл дүкенін ашқанына бір ай ғана уақыт болған. Бұл дүкенде ол арнайы тапсырыстарды дайындап, гүл шоқтарын да сатады.

[caption id="attachment_38529" align="alignnone" width="960"]"Дильдини" гүлдер дүкені "Дильдини" гүлдер дүкені[/caption]

Ділдәның айтуынша, 8 науызда гүлдерді сатудан түсетін пайда 30%-ды құрайды. Мереке күні ұжымдық кештер үшін тапсырыс көп болады. Мысалы 8 наурызды атап өтетін  ұйымдар немесе компаниялар  кемінде 30-40 гүл шоқтарына тапсырыс береді. Оларға арнайы жеңілдік түрлері қарастырылған. Бір шоқ гүлін 2000-3000 теңгеден жасайды.

12784263_163956563992202_1735827334_n

[caption id="attachment_38530" align="alignnone" width="960"]Ділдәнің көмекшісі ұжымдық кешке арналған тапсырысты дайындау үстінде Ділдәнің көмекшісі ұжымдық кешке арналған тапсырысты дайындау үстінде[/caption]

Ал "Лужок" деп аталатын гүл дүкенінің иесі Наталья Шевченко 8 наурыз мерекесінде гүл шоқтарымен бірге бөлмеге арналған гүлдерді сатып алушылар қатары көбейеді дейді. Гүлді интернет арқылы да, дүкенде де сатып жүрген ол қазіргі уақытта баға екі есе қымбаттағанын айтады. Мысалы былтырғы жылы 500 теңгеден сатқан бір тал раушан гүлінің қазіргі бағасы - 700 теңге. Ал бөлмеге арналған гүлдердің құны 950 теңгеден басталады.

[caption id="attachment_38535" align="alignnone" width="960"]"Лужок" гүлдер дүкені "Лужок" гүлдер дүкені[/caption]

Осыдан соң Қабанбай батыр көшесінің бойында орналасқан гүл базарына барып көрдік. Мұнда сауда қызып жатыр. Барлық сатушылар гүл сатып алушыларға гүлдердің ең әдемісін ұсынып, барын салуда. Тек қалтаңыз көтерсе болғаны.

12788103_163939980660527_128844602_nБір жерде орналасқан гүл базарындағы баға әртүрлі. Мысалы бір тал қызғалдақтың бағасы базардың кіре берісінде 600 теңге десе, төменгі жағында 500 теңгеден сатылып жатыр. Ал арнайы сұраған гүл дестесінің жиынтығы - 10 000 теңге. Ерекшелігі - әрқайсысы 3 түрлі гүл топтастырылған.

12784627_163935697327622_1077685173_nРаушан гүлінің бір шоғы 700 теңгеден басталады. Гүл сатушылардың айтуынша, наурыздың 5 мен 7 аралығында көпшілігі ұжымдық кештерге гүл сатып алуға келеді. Ал сегізі күні аналарына, сүйіктісіне немесе жақын дос қыздарына гүл сатып алуға келетіндер көп.

12788118_163940020660523_539160124_nДүкендердегі сатушылардың көпшілігі сауда әр күні әртүрлі болатынын айтады. 8 наурызды есептемегенде басқа уақытта күніне гүл сатып алуға 4-5 адам келеді екен. Тіпті мүлде сауда болмайтын күндер де болады.

12834924_163935290660996_592541794_n Әйелдер мерекесіндегі гүл саудасы ауа райына да байланысты. Күн салқын болған жағдайда "саудамыз жүрмей қалады дейді" сатушылар.

12825135_163956680658857_942582224_nГүл саудасы нағыз қызатын шақта жеке гүл сатып алушылармен қоса, әйелдер қауымын сыйлауды жөн көретін ұжымдар арасында интернет арқылы тапсырыс бермей-ақ, нәзік жандыларға дестелерді таңдап алуға арнайы өздері келетіндер де бар.

12825289_163935713994287_213325481_nГүл дүкенінде сауда қызып жатқанда, жылыжайдан бума-бума гүл тасымалдайтындардың да жұмысы көбейері анық. Бір тәулікте бірнеше дүкеннен тапсырыс алатын олар гүлдерді жеткізіп қана қоймай, олардың әдемі болып тұруына да мән береді.

12825178_163936073994251_1856687014_n12804050_163936090660916_180903245_n 8 наурыз мерекесі қарсаңында интернет дүкендерді шолып, дүкендерді аралау барысында биылғы баға былтырғы бағамен салыстырғанда қымбаттағанын байқадық. Мысалы ең көп сатылатын қызғалдақ гүлінің бағасы өткен жылы 300 теңге болса, биыл 500 теңге деп белгіленген. Ал раушан гүлінің құны 400 теңгеден 600 теңгеге қымбаттаған. Қалай болғанда жылына бір келетін нәзік жандылардың мерекесінде бір шоқ гүлін сатып алып, сыйға тартсаңыз артық болмасы анық!

12822163_784941058302907_565887515_n

Маржан Нүсіпбек, Нұрбақыт Хали "7"

Похожие материалы