Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Жамбыл облысындағы Мерке-Бурылбайтал автожолын қайта жаңарту жобасын 2022 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңда, Мерке - Бурылбайтал а/ж (7-273 км) қайта құру жобасын жүзеге асыру басталды.
«Ұзындығы 262 км «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту 4 учаскеге бөлінген. Оның ішінде Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 км жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа жатады. Ал, Шу қаласынан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын қалған 3 учаскеде 2 жолақты II-ші техникалық санаттағы жол жасалады», - делінген хабарламада.
Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтеді.
Сондай-ақ, қайта құру жобасы аясында күре жолдың бойында 6 көпір, 3 темір жол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбырлары, демалыс алаңдары, автопавильондар салынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024