Алматыда қаланың хайуанаттар бағының жаңа Даму Концепциясының таныстырылымы болып өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бизнес-бірлестіктердің өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар қатысты деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның ғылыми-сауықтық нысанын жаңғырту бағдарламасын хайуанаттар бағының жаңа басшылығы іске асырады, оларға қамқоршылар кеңесі жәрдем көрсетеді, оның құрамында ғылым, мәдениет қайраткерлері ірі бизнес өкілдері бар. Атап айтқанда, "Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ, "Capital Partners", "Технодом" компаниясы және т.б. секілді мегаполистің іскерлік ортасының өкілдері жобаға 483 млн теңге жалпы соммасына қолдау көрсетуге әзір екендігін білдірді.
"Біз алматылықтардың сүйікті демалыс орнын жаңғыртып қана қоймай, оны Еуразиядағы ең үздік қылғымыз келеді. Біздің хайуанаттар бағымыздың зор әлеуеті бар - ғылыми, сондай-ақ оқыту, ойын-сауық әлеуеті бар, және Шымбұлақ немесе Медеу секілді қаланың көрнекі жерлерінің біріне айналу мүмкіндігіне ие", - деді Аламты хайуаннаттар бағының қамқоршылар кеңесінің басшысы Райымбек Баталов.
Мегаполис әкімі ауқымды реконструкция жобасымен танысып, модернизация реформаларын жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
"Келер жылы хайуанаттар бағына 90 жыл толады. Бұрындары болған концепция тіпті вольерлерге дейін сақталып отыр. Өткен жылы хайуанаттар бағына 420 мың адам келіпті. Жалпы алғанда жаман көрсеткіш емес, бірақ адамдар саны 1 миллионға жеткен кездер болған. Менің ойымша, егер біз хайуанаттар бағының модернизациясын жүргізсек, бұл көрсеткішті қайтару әбден қолымыздан келеді", - деп мәлімдеді А.Есімов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024