Экономика
Экономика1
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өзара әріптестік меморандумына қол қойды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті кенді геологиялық тұрғыда зерттеу туралы өзара әріптестік меморандумына қол қойды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Меморандум екі жақтың Қазақстан аумағындағы геологиялық жұмыстардың және көмірсутек шикізатын геологиялық тұрғыда зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Меморандум аясында Қазақстан территориясының келешегі бар аймақтарындағы шөгінді бассейндерді геологиялық зерттеу қаралуда. Бұл алдағы уақытта мұнай-газ кен орындарын және көмірсутек қорын молайту үшін қажет. Екі жақ қолда бар ақпараттармен, геологиялық және технологиялық мәліметтермен бөлісу, келісімді түрде іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу, алдыңғы қатарлы геологиялық зерттеу технологияларын тарту туралы келісімге келді. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – 2004 жылы «ӨзенМҰнайГаз» ААҚ мен «ЭмбаМҰнайГаз» ААҚ-ны біріктіру жолымен құрылған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Компания мұнай өндіру көлемі жөнінен Қазақстанның көшбасшы үштігіне кіреді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024