Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚМГ профильді емес активтерді румындық KMG International өткізеді

ҚМГ профильді емес активтерді румындық KMG International өткізеді

Қазақстанның ұлтық мұнай-газ компаниясы "ҚазМұнайГаз" бірқатар профильдік емес активтерді KazMunayGas International N.V. румындық бөлімшесінде өткізуді жоспарлап отыр.

"KazMunayGas International N.V ішінде бірқатар профильдік емес активтер бар, мысалы, Румынияда шамалы өндіруші актив бар, химиялық өнім өндіруші, сервистік қызметтер көрсететін активтер бар – міне, осы компаниялар жекешелендіру бағдарламасының құрамына кіреді, бұл активтер жекешелендіруге қойылды, және активтер өткізілетін болады", - деді ол дүйсенбі күні Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде.

Ол KMG International N.V сәйкес жанармай құю орындары, қоймалары бар Румыниядағы мұнай өңдейтін зауытты қамтитын ең үлкен актив екендігін атап өтті.

"Мұнай өңдеудің және мұнай өнімдерін өткізудің негізгі бизнесіне жататын активті өткізу болжанбаған. Оны ҚМГ сақтап қалуды жоспарлап отыр ", - деді С.Мыңбаев.

"Оған қоса, Украинада бір шағын бөлімше бар, ол да өткізілетін болады. Шетелде басқа ірі активтеріміз жоқ", - деп мәлімдеді ҚМГ басшысы.

Қазақстандық «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бақыланатын румындық Rompetrol Group атауын KazMunayGas International етіп ауыстырғаны белгілі болған еді.

Rompetrol – Румынияның ірі мұнай-газ холдингі. Оның құрамында үш зауыт (Petromidia, Vega и Rompetrol Petrochemicals), сонымен қатар Еуропа елдеріндегі мыңнан астам жанармай құю станциялары бар.

 

Похожие материалы