Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft көру қабілетінен айырылған жандарға арнап виртуалды шындық жүйесін ұсынды

Microsoft көру қабілетінен айырылған жандарға арнап виртуалды шындық жүйесін ұсынды

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — Microsoft компаниясының инженерлері соқыр жандарға таяқ арқылы виртуалды шындық обектілерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін жүйе жасап шығарды. Ол нысандармен соқтығысу фактісін сезіп қана қоймай, әр түрлі типтегі заттардың беттерін дыбыс пен діріл арқылы ажыратады. Бұл туралы Microsoft компаниясының веб-сайты мәлімдеді.

Microsoft компаниясындағы Майк Синклердің қол астындағы инженерлер соқыр және көру қабілеті нашар адамдарға виртуалды шындықты таяқ арқылы қабылдауға мүмкіндік беретін жүйе әзірледі.

Ол металл белдікпен бекітілген яғни таяқтың ұшында жылжымалы білік жалғанған. Осылайша пайдаланушы таяқты біліктің бойымен еркін қозғалта алады. Таяқта вибромотор мен датчик орнатылған. Олар виртуалды шындыққа қатысты таяқтың жай-күйін қадағалайды. Бұдан басқа таяқ ұшындағы білікте тежегіш орнатылған.

Виртуалды шындық үлкен көлемде болса, қолданушы тұрған жеріне қарай қысқа таяқпен оңға-солға қозғала алады. Егер таяқ виртуалды обектімен соқтығысып қалған жағдайда, шынайы өмірде соқтығысып қалғандай әсер қалдырып, тежегіш қозғалысты тоқтатады.

Бұдан басқа, таяқтағы мотор діріл берсе, ал динамиктер сол нысанға сәйкес дыбыс шығарады. Мысалы, қоқыс тастайтын ыдысқа соқтығыстың дыбысы еденге соққының дыбысынан өзгеше болады. Сонымен қатар, бұл жүйе бойынша беттері әртүрлі қалыңдықтағы заттарды жанасумен жауап бере алады. Мәселен, асфальт немесе тротуардағы  плитамен жанасу.

Әзірлеушілер жүйенің қалай жұмыс жасайтынын сипаттайтын видео жариялады.

https://www.youtube.com/watch?v=Q1jHXxUBJ8o&time_continue=44&app=desktop

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы