Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft компаниясы Windows 10-ның жарыққа шығатын күнін жария етті

Microsoft компаниясы Windows 10-ның жарыққа шығатын күнін жария етті

Бүгін Microsoft корпорациясы 2015 жылдың 29 шілдесі күні Windows 10 операциялық жүйесінің іске қосылатынан хабарлады.

Әлемнің 190 елінде аталған жүйе Windows 7 және Windows 8.1 қолданушыларына тегін жаңарту ретінде қолжетімді болмақ. Бұл жөнінде Microsoft Kazakhstan баспасөз-қызметі хабарлайды.

2016 жылдың 29 шілдесіне дейін бір жыл көлемінде Windows 10 операциялық жүйесін тегін жаңартуға болады. Алғашқылардың бірі болып тегін жаңартқысы келгендер алдағы аптада өтініш бере алады.

Бұл жолғы Windows өз ерекшеліктерімен болады. "Бастау" батырмасы қайта оралды. Операциялық жүйеде Candy Crush Saga ойыны, "Косынка" ойындары қосылған. Одан бөлек жеті түрлі нұсқада шығатындығын жазған болатынбыз.

 

Похожие материалы