Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ қазақстандықты экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білімді дамытуға қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі бесенділігі үшін «Құрмет» орденімен марапаттады.
Олардың қатарында «Kaspi Bank»АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бар. Оған аталған награданы ҚР Ұлттық Банкінде табыс етті.
«Дәстүрге сай, ҚР Тәуелсізідк күні қарсаңында біз ең үздік отанбастарымыздың еңбегін атап өтеміз. Тәуелсіздік жылдары біздің жеткен жетістігіміз барлық қазақстандықтың еңбегі. Олардың арасында түрлі салада табысты қызмет көрсетіп жүргендер бар», деп атап өтті Н.Назарбаев.
«Бұл күн сайынғы жұмысы арқылы ерекше компания қалыптастырған әрбір капсиліктің марапаты, - дейді Михаил Ломтадзе – «Құрмет» орденін алу үлкен құрмет және жауапкершілік. Біздің алдымызда әлі талай белесті бағындыру тұр. Біз өз еңбегімізбен және сапалы жұмысымызбен әр күн сайын өзімізге, жақындарымызға біз тек үздік болуға лайық екенімізді дәлелдейміз».
«Құрмет» ордені 21 жыл бұрын тағайындалған. Бұл орденмен мемлекет пен қоғам алдындағы ерекше қызметі үшін марапатталады.Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024